Ақтөбе: Қобда ауданының орталығындағы үйлерді су басты

үйлерді су басты
Фото, видео: Райгүл Еншібай

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбе облысы Қобда ауданының орталығында үйлерді су басты. Қазір тұрғындарды эвакуациялау жұмысы жүріп жатыр. 

Ақтөбе облысы Қобда ауданының орталығы биыл да суға кетті. Қазіргі кезде онда құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

- Қобдада Маңғыстау облысынан келген 52 құтқару жасағы бар. Олар Темір ауданынан сонда жіберілді. Қазір суға кеткен үйлердің саны есептеліп жатыр. Таңертеңгі ақпарат бойынша 100-ден астам адам эвакуацияланды. Сонымен бірге Ойыл ауданында да Ойыл өзені арнасынан шығуы мүмкін деген қауіп бар. Зерделеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Түсте әуеден бақылау жүргізіледі, - деді Ақтөбе облыстық ТЖД бастығы Нұрғали Жүнісов. 

үйлерге су кірді
Фото, видео: Райгүл Еншібай

Айта кетейік, өңірде 300-ге жуық адам эвакуацияланған. Көбі тума-туыстарының үйін паналауды жөн көрген. Ақтөбе қаласындағы эвакуациялық пунктте әзірге адамдар жоқ. 

Еске салсақ, былтыр Қобда ауданында үйлер суға кетіп, аудандық деңгейде төтенше жағдай жарияланды.

Соңғы жаңалықтар