Ақтөбе облысындағы спорттық инфрақұрылымды дамыту мәселесі жіті бақылауда

АСТАНА. KAZINFORM — Үстел теннисінің орталығында өткен кездесу тақырыбына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында спорт саласын дамытуға қатысты берген тапсырмалары арқау болды. Өңірдегі спорт инфрақұрылымын, шағын ойын алаңдарынан бастап ауқымды заманауи стадиондарға дейінгі дамыту мәселесі талқыланды.

Ақтөбе облысындағы спорттық инфрақұрылымды дамыту мәселесі жіті бақылауда
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

— Спортты дамыту — біздің жұмысымыздағы басым бағыттардың бірі. Біз бұқаралық спортқа, әсіресе жастарды тәрбиелеуге және салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал ететін футболға ерекше назар аударамыз. Президент Ұлттық құрылтайда атап өткендей, кәсіби және бұқаралық спорт арасындағы тепе-теңдікті сақтау маңызды. Ақтөбеде 35 мың орындық жаңа заманауи стадион салынады. Бұл тек спорт алаңы ғана емес, сонымен қатар аймақтың мәдени орталығына айналады. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мамандандырылған кешеннің құрылысы да аяқталуға жақын. Бұл — әділ және инклюзивті қоғам құруға қосқан үлесіміз. Өңірде футбол спортын дамытуға барлық жағдай жасалған. Алайда, әлі де кемшін тұстарымызды жан-жақты саралап, бүгінгі күн талабына сай етуіміз керек. Ақтөбе әрдайым өзінің футбол мәдениетімен танымал болған және біз осы дәстүрді сақтап, дамытуымыз қажет. Спорт облыстың әрбір тұрғынына қолжетімді болатындай етіп, жұмыс істеуді жалғастырамыз, — деді өңір басшысы.

Ақтөбе облысындағы спорттық инфрақұрылымды дамыту мәселесі жіті бақылауда
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов облыста 1 705 спорт нысаны жұмыс істейтінін, оның ішінде 373 футбол алаңы, оның 218-і ауылдық жерде орналасқанын айтты. 12 стадион бар, оның 6-ы — аудан орталықтарында. Қазір 79 елді мекенге спорт алаңдары қажет. Бұл мақсатта алдағы екі жылда демеушілік қаражат пен жергілікті бюджет есебінен футбол алаңдарының құрылысы жүргізілмек.

Ақтөбе облысындағы спорттық инфрақұрылымды дамыту мәселесі жіті бақылауда
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

Мектеп және студенттер лигалары, сондай-ақ «Дара бала» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Облыста спортпен жүйелі түрде айналысатындардың саны 43%-ға жетті.

Ақтөбе облысындағы спорттық инфрақұрылымды дамыту мәселесі жіті бақылауда
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

Мйрамбек Махамбетов сондай-ақ халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 50 метрлік бассейні, спорттық және көркем гимнастикаға арналған залдары, футзал, волейбол және баскетбол үшін спорт кешенін құру жобасы туралы айтты. Жыл соңына қарай мүгедектерге арналған спорт кешенінің құрылысы аяқталады. Онда спорттың 20-дан астам түрін дамыту жоспарланған.

Ақтөбе облысындағы спорттық инфрақұрылымды дамыту мәселесі жіті бақылауда
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

Отырыс аясында облыстық футбол федерациясының президенті А.Қалжанов, «Ақтөбе» футбол клубының басқарма төрағасы С. Шалекенов, Балалар футбол жаттықтырушысы А.Ақаев және Хромтау ауданының әкімі Н.Тілеумұратов баяндама жасады.

Кеңес қорытындысы бойынша өңірде футболды дамыту жөніндегі Кеңес құру, «Ақтөбе» футбол клубының қала музейлерінде бұрыштарын құру, Хромтау ауданының аумағында ҚР чемпионатының футболдан екінші лигасына қатысу үшін футбол клубын ашу, «Аула Лигасы» және «Мектеп Лигасы» жобаларына, студенттер лигаларына жастарды спортқа тарту жобалары қолдау тапты.

Айта кетелік Сенат төрағасы Ақтөбе облысының жастарымен кездесуде «Адал азамат» тұжырымдамасының маңызы туралы айтқан еді

Соңғы жаңалықтар