Ақтөбе облысының Құйлыс ауылында жағалауды нығайту жұмыстары жалғасып жатыр

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбе облысының Ырғыз ауданына қарасты Құйлыс ауылында жағалауды нығайту жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. 

жұмыс жалғасып жатыр
Фото: видеодан алынған кадр

– Құйлыс ауылында жағалауды нығайту жұмыстары жалғасуда. Тәулігіне 3300 қап төселді. Жергілікті жерде ҚР ТЖМ құтқарушылар мен жж 20982 тобы жұмыс істейді, - деп жазды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Құйлыс ауылында тасқынға қарсы күрес жұмыстары 4 сәуір күні басталды. Содан бері ер адамдар бөгетті бекіту жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ Ақтөбедегі Құйлыс ауылының тұрғындары үйлеріне оралып жатқанын жазған едік. 

Айта кетейік, Ырғыз ауданы бойынша Мамырда 15, Белшерде 4, Нұрада 68 үй құлады. Ауданда тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға әлі де 100 АЕК көлемінде біржолғы төлем аударылып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар