Ақтөбе облысының республикалық маңызы бар тасжолдарында 32 жүк көлігінің қозғалысы шектелген

қозғалысы шектелді
Фото: «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ АОФ

Қазіргі уақытта Ақтөбе облысының республикалық маңызы бар тас жолдарында 32 жүк көлігі тоқтап тұр, деп хабарлайды Kazinform.

Әлеуметтік желілерде көліктердің қаз-қатар тізіліп, қозғала алмай тұрғынын көруге болады. Көбіне республикалық тасжолдар жабылғанда және жүк көлігі бұзылғанда дәл осы жағдай қайталанады. Әсіресе олардың көбіне жанар-жағармайы аязға шыдас бермейді. 

«Жанар-жағармай қатып қалған соң жүргізушілер жолда тұрып қалады. Бұл дерек сағат сайын өзгереді. Дәл қазіргі уақытта жол бойында 32 жүк көлігі тұр. Бәрі бір жерде емес, Темірбек Жүргенов, Қарабұтақ, Ырғыз, Бестамақ, Хромтау ауылдарымен қатар Ақтөбе қаласында да бар. Кешегі аязда бірнеше жерде көлік тұрып қалды. Сол себептен жолды жабуға тура келді. Ол кезде полиция және төтенше жағдайлар қызметімен бірге жол қозғалысы ұйымдастырылды. Себебі жүк көліктерінің өздері бір-біріне жол бермей жатады. «Фура» өте көп, жолға сыймай жатыр», - деді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының директоры Айбол Данағұлов.

Оның айтуынша, жүк көліктері жол жиегіне емес, жол бойына тұрып қалады. Ал қарсы бағыттағы көліктер болса өз жолымен жүріп, жол бере қоймайды. Содан кептеліс пайда болады.

«Инертті материалдар уақытылы себіліп жатыр. Алдымен қауіпті учаскелер есепке алынады. Қиылыстарға, қырға көтеріліп, түсетін аумаққа басымдық беріледі. Сонымен бірге қажеттілік пен сұранысқа қарай жұмыс істейді. Аяз күшейгенде жағдай қиын болып жатыр. Жолды ашамыз, жолға шыққанда күніне 10-20 көлік жолда қатып қалады. Түнімен ақылы қызметті шақырады. Кейде әкімдіктер, төтенше жағдай қызметі қыздырып, сүйреп жіберуге жәрдемдеседі. Көбейіп, азайып тұр тізім. Күніне 3-4 мезгіл дерек жаңарады»,- деді Айбол Данағұлов.

Айта кетейік, биыл облыстағы республикалық маңызы бар автожолдардың ұзындығы 1 800 шақырымнан асады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АКТОБЕ СЕРГЕК | AQTOBE SERGEK (@aqtobe_sergek)

Соңғы жаңалықтар
telegram