12:05, 13 Маусым 2016 | GMT +5
Ақтөбе облыстық ІІД көзі жойылған лаңкестер тізімін жоққа шығарды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Облыстық ІІД кеше Инстаграм желісінде видеомәлімдеме жасаған Данияр Уәйісов көзі жойылған лаңкестер тізіміне енгізілгенін жоққа шығарды.

Инстаграм әлеуметтік желісінде zello_aktobe тобында ақтөбеліктің видеомәлімдемесі пайда болды. Онда ол көзі жойылған лаңкестердің тізіміне аты-жөнін нгізгені үшін кешірім сұрауды талап етті.
- Ақтөбелік қолында ұстаған суреттері бар тізімді біз әзірлемегенбіз және оны әлеуметтік желілер бойынша таратпадық. Тізімде zello_aktobe тобының қолтаңбасы бар. Ақтөбеліктердің бірі бұл тізімді өзі жасап, оған Данияр Уәйісовты енгізді деп ойлаймын. Біз мұндай сараптама жасамадық. Кімнің өлгені, кімнің жарақаттанғаны туралы ақпаратты журналистерге таратпадық, - деп мәлімдеді ІІД баспасөз хатшысы Ардагер Уайдин.