Ақтөбе облыстық мәслихатының бір мандаттық сайлау округтері бойынша қорытындысы шықты

Ақтөбе облысы бойынша 562 698 сайлаушының дауыс беруге құқығы болды. Дауыс беруге 326 017 адам немесе барлық сайлаушылардың 58% қатысты. Сайлау күні 4315 байқаушы болды. Оның ішінде 20-сы халықаралық байқаушы, 2328-і аккредитациядан өткен қоғамдық бірлестіктердің тәуелсіз байқаушылары. Қалған байқаушылар кандидаттар мен партиялардың сенім білдірген өкілдері. Қорытындысында:
№1 сайлау округі бойынша – Итегулов Еламан Маратұлы.
№2 сайлау округі бойынша – Қойлыбаев Марат Айтуғанұлы.
№3 сайлау округі бойынша – Саймов Азамат Алтынбекұлы.
№4 сайлау округі бойынша – Сабыр Қайрат Қанатұлы.
№5 сайлау округі бойынша – Әліпов Серік Амантайұлы.
№6 сайлау округі бойынша – Өтегенов Ардақ Садақбайұлы.
№7 сайлау округі бойынша – Сансызбай Фархат Сәрсенбайұлы.
№8 сайлау округі бойынша – Жолдасбаев Шахан Шахмаранұлы.
№9 сайлау округі бойынша – Джиембаев Алтынбек Байназарұлы.
№10 сайлау округі бойынша – Махамбетов Нұрлан Жанабекұлы.
№11 сайлау округі бойынша – Қалдығұлов Самат Рейұлы.
№12 сайлау округі бойынша – Тілегенова Бану Жұбанғалиқызы.
№13 сайлау округі бойынша – Сарбасов Наурызбек Жұмабекұлы.
№14 сайлау округі бойынша – Ізбасов Боран Оңғарұлы.
№15 сайлау округі бойынша – Сисенбаев Естай Ибрагимұлы.
№16 сайлау округі бойынша – Мулдашев Дәурен Хайреденұлы.
№17 сайлау округі бойынша – Төлеуова Кәмшат Шәкірбекқызы жеңіске жетті.
Облыстық аумақтың сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлыбек Жүсіповтің айтуынша, партиялық тізімдер бойынша сайлауға 5 саяси партия қатысты. Нәтижесінде «Amanat» партиясы – 13, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 2, «Ақ Жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы – 2 орынды иеленді.