16:28, 22 Маусым 2016 | GMT +5
Ақтөбе облыстық сотының жаңа төрағасы тағайындалды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық сотының басшысы ауысты. Ел Президентінің жарлығы бойынша облыстық соттың жаңа төрағасы болып Әкетай Мұратқали Абрарұлы тағайындалды.

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлады.
Әкетай Мұратқали Абрарұлы осыған дейін Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы қызметінде болған.
Ал осыған дейін Ақтөбе облыстық сотының төрағасы қызметін атқарған Ерлан Айтжанов Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды.
Ақтөбе облыстық сотының жаңа төрағасы ұжымға бүгін таныстырылады.