Ақтөбе облысы аумағында әлі де жолдар жабық

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы аумағында облыстық және республикалық маңызы бар бірнеше жолға шектеу қойылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне сүйенсек, жолдар кеше жабылды. 17 ақпан күні 20:40-та ауа райының нашарлауына байланысты облыстық тас жолдарда барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды. Олар:

1. «Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Соль-Илецк шекарасы» (0-372 ш. Шұбарқұдық аауылы - Соль-Илецк шекарасы).

2. «Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық» (17-191 ш. Сазды ауылы- Шұбарқұдық ауылы).

3. «Покровка-Темір-Кеңкияқ-Ембі» (0-179 ш. Покровка ауылы- Ембі қаласы).

4. «Дөң-Бадамша «Ақтөбе-Орск»» (0-82 ш. Дөң ауылы- Бадамша ауылы).

Айта кетейік, «ҚазАвтоЖол» ЖШС-нің мәліметіне сүйенсек республикалық маңызы бар жолдар да жабық.

17 ақпан күні сағат 20: 45-те ауа райының нашарлауына байланысты Ақтөбе-Атырау-Астрахань шекарасы тасжолының 92 шақырымынан (Қандыағаш қаласы) - 330 шақырымына дейін (Ноғайты ауылы), Cолтүстік айналма тас жолының 29 шақырымынан - 35 шақырымына дейін шектеу қойылды. Сонымен бірге 18 ақпан күні 00:10-да «Ақтөбе - Орск» тас жолының 39 шақырымынан (Ш. Қалдаяқов ауылы) 136 шақырымына дейін (Орск шекарасы) жүк және жолаушы автокөліктері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.


Соңғы жаңалықтар