15:43, 10 Сәуір 2012 | GMT +5
Ақтөбе облысы аумағындағы республикалық жолда көлік қозғалысы жанданды
АСТАНА. 10 сәуір. Қазақпарат - Ақтөбе облысы аумағындағы республикалық жол ашылды.

Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарлады.
Атап айтқанда, Астана уақытымен сағат 10.00-ден бастап «Ақтөбе-Мәртүк-Орынбор бағытындағы РФ шекарасы» республикалық маңызы бар автожолдың 10-ыншы шақырымында жолдың шайылып кетуіне байланысты, учаскенің 0-72 шақырым аралығында барлық автокөлік түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Аталған жол учаскесінде көлік қозғалысы сағат 15.00-ден бастап жанданды.
"Қазақавтожол" РМК республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөніндегі халықты хабардар ету үшін (7172) 444-777 нөмірінде тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейтіндігін айтуда.