19:48, 09 Қазан 2012 | GMT +5
Ақтөбе облысы бойынша КБД-нің екі қызметкері қызметіне сай емес деп танылды
АҚТӨБЕ. 9 қазан. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің орталық аттестация комиссиясында Ақтөбе облысы бойынша контрабандаға қарсы күрес басқармасының, жедел-кезекшілік қызмет бөлімінің басшылары мен ішкі қауіпсіздік құрылымының жеке құрамы аттестациядан өтті.

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, аттестацияның қорытындысы бойынша ақтөбелік КБД-нің бір қызметкері қызметіне сай емес деп танылып, жұмыстан босатуға ұсынылды. Тағы бір қызметкер қызметіне сай емес деп танылып, қызметін төмендетуге, екі қызметкерге басқа қызметке ауысуға ұсынылды.
Ақтөбе облысы бойынша КБД өңірлік аттестация комиссиясында контрабандаға қарсы күрес және ішкі қауіпсіздік басқармасының 26 қызметкері аттестациядан өтуде, олардың 24-і психологиялық тұрақтылыққа тестілеуден өтті.