Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы тағайындалды

АҚТӨБЕ. 5 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін «Капитал плаза» бизнес-орталығында Ақтөбе облысы Ұлттық палата басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметовтің қатысуымен Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасы аймақтық кеңесінің бірінші отырысы өтті.
None
None

Отырыс барысында оған қатысушылар бірауыздан өңірлік кеңестің жаңа төрағасы қызметіне белгілі бизнесмен, Ақтөбе облысы, Қобда ауданынан шыққан Исламбек Салжанов тағайындалды.

«Оның бизнес тарихы құрметке лайық, сонымен қатар оның белсенді азаматтық ұстанымы бар, қоғамдық жұмыстармен және қайырымдылықпен айналысады. Ол аймақтың мүддесін қорғай алады деп ойлаймын», - дейді аймақтық кеңес мүшесі Рахымжан Ысмағамбетов.

«Мен үшін бұл тарихи сәт. Мен бүгінгі күні елімізде болып жатқан істерге қуанамын. Мен 15 жыл неміс серіктестеріммен жұмыс істедім және бизнес қоғамның дамуына қалай ықпал ететінін білемін және өз өңіріміздің игілігі үшін бар күшімді саламын», - деді жаңа төраға И. Салжанов.

Бизнесменнің пікіріне қарағанда, кәсіпкерлік пен биліктің өзара іс-қимылы халықтың әл-ауқатының артуына ықпал ететін болады.

Соңғы жаңалықтар