21:44, 04 Қазан 2013 | GMT +5
Ақтөбе облысы Қобда кентінде кәсіпкерлер 150 орынға арналған балабақша ашты
АҚТӨБЕ. 4 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қобда кентінде көп функциялы 150 орынға арналған «Нұрлы Болашақ» балабақшасы ашылды.

Балабақша Ақтөбе облысының кәсіпкерлерлері өтеусіз әлеуметтік нысандар салып, облыстың елді мекендерін абаттандырып жатқан «Көркейе бер, туған жер» іс-шарасының шеңберінде «Алтын Қыран» компаниясы тобы қаражатының есебінен салынды.
Мектепке дейінгі мекеме қажетті жиһаз, жабдық, инфрақұрылыммен толық жабдықталған. Кәсіпорын ғимаратты аудандық әкімдікке тапсырды.