Ақтөбе облысы Мәртөк ауданында арзан пәтерлер салына бастады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданында шілдеде тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйесі бойынша құны шаршы метріне 110 мың теңге болатын пәтер құрылысын салуды бастайды.
None
None

Облыстық әкімдікте Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі филиалы мен Мәртөк ауданының әкімдігі арасында меморандумға қол қойылды.

Меморандумға сәйкес ауданда әрқайсысы 8 пәтерден 4 екі қабатты үй салынады.

- Пәтер құны нарықтағы бағадан төмен болады. Шаршы метріне 110 мың теңге. Пәтер сатып алушылардың пулы қалыптастырылады. Пәтерлер тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша сатып алынатын болады, - деді банк бөлімінің бастығы Т. Өтебаев.

Мәртөк ауданында кезекте 525 адам тұр. Оның ішінде 334-і ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.

- Үш жыл ішінде ауданда 11 тұрғын ғана үй ала алды. Құрылыс салынбады. Осыған орай құрылыс компаниясын тауып, үйлерді тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша сатамыз. Оны тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде ақшасы барлар, жастар ала алады. Мысалы, банкте жинағы бар Яйсан интернатының 20 оқушысының қаражаты тұрғын үй сатып алуға пайдаланылады. Құрылыс шілдеде басталып, қыркүйекте аяқталады, - деді аудан әкімі Н. Қалауов.

Алдағы уақытта ауданда осындай 10 үй салу жоспарлануда. Оған жер учаскесі бөлінді. 

Соңғы жаңалықтар