Ақтөбе облысы мемлекеттік кіріс департаменті бөлімінің басшысы жалған кәсіпкерлік жүргізгені үшін ұсталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өтінішхатын қарап жатқан Ақтөбе қаласы №2 сотының қаулысымен жалған кәсіпкерлікке күдікті ретінде Ақтөбе облысы мемлекеттік кіріс бөлімінің басшысы Елдан Көзеевті тұтқындау санкцияланды, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
None
None

Ақтөбе облысы салық департаментінің түрлі басшылық лауазымдарында жұмыс істеген ол 2010 -2012 жылдар аралығы кезеңінде қызмет бабын пайдаланып, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға ниеттенбей-ақ, біреудің атына жеке кәсіпкерлік субъектісін ашып, ақшаны жылыстатты.

Қылмыстық әрекет нәтижесінде салық қызметкері мемлекетке ірі көлемде зиян келтірді: алдын ала есеп бойынша жалпы сомасы 140 миллион теңге.

Алдын ала тергеу органы күдіктіні ұстап, қамау туралы өтінішхатында Көзеевке ауыр қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік тағылғанын, бостандықта жүрсе, бой тасалап, жан-жақты тергеуге, сот ісіне кері ықпал етуі мүмкін екендігін дәлел етті.

Соңғы жаңалықтар