12:16, 14 Шілде 2016 | GMT +5
Ақтөбе облысы Жем қаласының әкіміне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар ұлттық бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаменті Мұғалжар ауданы Жем қаласының әкімі Берік Нұртаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.
«Қала басшысы мемлекеттік тұрғын үй қорынан заңсыз баспана беру үшін жеке тұлғадан пара алған»,- делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар ұлттық бюросы баспасөз қызметінің хабарламасында.