Ақтөбе облысынан Біріккен Араб Әмірліктеріне 1 мыңнан астам қозы экспортталды

  АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының шаруалары Құрбан айт мерекесі қарсаңында Бірікке Араб Әмірліктеріне 1 200 бағлан экспорттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
None
None

«Облыс алдында 90 тонна қой етін экспорттау тапсырмасы тұр. Тапсырманы орындау мақсатында Ырғыз ауданына қарасты «Алтын Әсел» ЖШС Біріккен Араб Әмірліктеріне 1 200 бас қозы етін экспорттады. Өнімнің жалпы көлемі 20 тоннадан асады. Жыл аяғына дейін жалпы көлемі 5 мыңнан аса қозы экспортталады деп жоспарлап отырмыз», - деді Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Панабек Бимұратов.
Айта кетейік, Ақтөбе облысында 1,3 миллионнан астам қой-ешкі бар. Алдағы уақытта қой еті Қытайға да экспортталуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар