17:56, 15 Қаңтар 2015 | GMT +5
Ақтөбе облысында 2014 жылы шамамен 2 млрд теңгенің мүлкі заңдастырылды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Жылжымайтын мүлікті жария ету мүмкіндігін Ақтөбе және облыстағы жеті аудан тұрғындары пайдаланып қалды.
«2015 жылдың 1 қаңтарына дейін облыс бойынша 2 416 жылжымайтын мүлікті жария ету бойынша 1 283 өтініш келіп түсті. Олардың жалпы құны 6 миллиард 556 миллион 879 мың теңгеге бағаланды», - деді облыстық қаржы басқармасының басшысы Алтын Дәулетова.
Өткен мерзімде түскен 261 өтініш бойынша 1 миллиард 842 миллион 328 мың теңгенің 487 жылжымайтын мүлкі жария етілді. Құны 2 миллиард 636 миллион теңге болатын 985 жылжымайтын мүлікті заңдастыру бойынша 514 өтініш қайта қаралуға жіберілді. Оған тиісті талаптардың дұрыс орындалмауы себеп болған.