Ақтөбе облысында 80 млн теңгенің майнингке арналған құрылғыларын алып бара жатқандар ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шекарашылар Ақтөбе облысындағы «Жайсаң» автомобиль өткізу пункті арқылы Қазақстаннан Ресейге шығатын жерде «DAF» маркалы автокөлігін ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында 80 млн теңгенің майнингке арналған құрылғыларын алып бара жатқандар ұсталды

Көлік құралын толық тексеру кезінде ҚР-дан ілеспе құжаттары жоқ саны 813 қорап пен арнайы кабельдері бар «Avalon» майнингке арналған құрылғы табылды.

Алдын ала бағалау бойынша ұсталған жүктің құны шамамен 80 млн теңгені құрайды.

«Барлық техника процессуалдық шешімдер қабылдау үшін Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды»,-делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.