Ақтөбе облысында Әбілқайыр ханның ескерткіші тұрғызылады

АҚТӨБЕ. 9 қазан. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданындағы «Хан моласы» қорымында Әбілқайыр ханға арналған мемориалдық кешен салынады.
None
None

Кешен ашық аспан астындағы мұражайға және аймақтың танымал көзге көрінерлік орындарының біріне айналуы тиіс. Бұл туралы «Тарихи-мәдени мұраны зерттеу, тану, сақтау және қолдану проблемалары» атты ғылыми-тәжірибелік семинарда белгілі болды.

Ғалымдардың Әбілқайыр ханның жерленген жерін ұзақ уақыт іздегені белгілі, бұл бағыттағы зерттеулермен 1983 жылдан бері Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының этнология және антропология бөлімінің меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Серік Әжіғали айналысты.

Ақырында ханның мүрдесі Ақтөье облысына қарасты Әйтеке би аудынындағы «Хан моласы» қорымында табылды. Генетикалық талдау оның 99,355 пайызға сәйкес келуін көрсетті. Венгриялық антропологтар бас сүйегі бойынша Әбілқайыр ханның нақты бейнесін құрды.

«Көне даланың тарихын құрметтеу, бағалау керек. Уақыт өте келе қазақ даласы жергілікті, республикалық, тіпті халықаралық көлемдегі туризм нысанына айналады», - деп атап өтті С.Әжіғали.

Кеңесте тарихшы Әбілқайыр хан мемориалдық кешенінің эскиздік жобасын ұсынды. Бас жоспарға қорымнан басқа көлік тұрағы, тікұшақ алаңы, саябақ, ескерткіш, кәдесыйларды сататын орын кіреді.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов ғалымның пікірін қолдап, Ақтөбе облысындағы мемориалды салу үшін барлық пікірлер мен ұсыныстарды саралайтын арнайы комиссияның құрылатынын атап өтті. Басқа да мәселелер шешімін табатын болады. Келесі жылдан бастап, Әбілқайыр ханның 320 жылдығында оның жерленген орнында құрылыс жұмыстары басталады.

Соңғы жаңалықтар