Ақтөбе облысында ауыл азаматы құлпынай плантациясын өсіріп, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтымақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының Ойыл ауданы Екпетал ауылының тұрғыны Расул Ерсейітов биыл 6 гектар алқапқа құлпынай отырғызбақ.
None
None

Жобаны Ақтөбе облыстық Кәсіпкерлер палатасы сүйемелдейді. Бұл туралы палатаның Ойыл ауданындағы филиалының директоры Алтай Дәулетов айтты, деп хабарланған ҰКП сайтында.

Осыған дейін Расул Ерсейітов «Aktobe startup» алғашқы бизнес-жобалар байқауында көшетхана құрылысына 2,5 миллион теңге алған. Ісін бастаушы кәсіпкер соңғы екі жылда жеке меншік үйінің жанында 3 сотық жерде құлпынай өсірген. «Мен үйімнің жанында тамшылай суаруды пайдалана бастадым. Нәтижесі ойлағанымнан да асып түсті: бірінші егістігімнен 530 келі «ойылдық» жеміс өнімін алдым. Сондықтан биыл құлпынайды 6 гектар плантацияға отырғызуға бел будым. Көшетханада құлпынай мамыр айының басынан қараша айының соңына дейін жеміс беретін болады. Сонымен бірге мен жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен және еңбекақымен қамтамасыз ете аламын», - деп өз жоспарымен бөлісті Р.Ерсейітов.

Палата филиалының директоры А.Дәулетовтің айтуынша, кәсіпкерге құлпынай өсіру үшін 6 гектар және алма бағын отырғызуға 40 гектар жер телімі бөлінген.

Соңғы жаңалықтар