Ақтөбе облысында балабақша мәселесі 100% шешіледі

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Биыл Ақтөбе облысында балабақшамен қамту 100 пайызға жетеді. Бұл туралы өңір басшысы Бердібек Сапарбаев халық алдында есеп беруі кезінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту өткен жылы 98 пайызды құраған.

«Өткен жылы 44 балабақша ашылды. Сөйтіп балабақшамен қамту 98 пайыздық көрсеткішке жетті. Биыл соны 100 пайызға жеткізуіміз керек», - деді аймақ әкімі.

Айта кетейік, Ақтөбе облысында өткен жылы 15 мектеп пайдалануға берілді. Биыл тағы 15 мектептің құрылысы аяқталатыны жоспарлануда.

«Мектептер компьютермен қамтамасыз етілді. Цифрландыру жұмысы жалғасып, Ақтөбеде Назарбаев Зияткерлік мектебінің әдістемесін өзге мектептерге енгізу ісі атқарылады», - деді Б.Сапарбаев.

Еске салайық, өңір басшысы есеп беру кездесуінде, сондай-ақ көпбалалы аналарға көмек беру жолдарын түсіндірді.

Бұдан бөлек, су тасқынынан зардап шеккен Махамбет ауылының тұрғындарын көшіру мәселесі көтерілді.

Биыл облыста 1 миллион шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар