16:54, 11 Ақпан 2011 | GMT +5
Ақтөбе облысында бір апта ішінде тұмаумен ауырудың 1 706 оқиғасы тіркелді
АҚТӨБЕ. 11 ақпан. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе облысында тұмау аруымен ауырудың өсу қарқыны байқалуда.
Соңғы апта ішінде аймақта демалу вирустық инфекциялармен ауырудың 1 706 оқиғасы тіркелді, оның ішінде 1 209 оқиға 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркеліп отыр.
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің облыстық департаментінің бөлім бастығы Клара Омарованың айтуынша, тұмаумен ауырудың өсімі 1,7 есеге артып отыр. Мәселен, өткен жылдың сәйкес кезеңінде тұмаудың 981 оқиғасы тіркеліп, оның 694 оқиғасы 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталды.
Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласында тұмаумен ауырудың 5 оқиғасы тіркелді, олардың барлығы да 14 жасқа дейінгі балалар.