Ақтөбе облысында «Бизнестің жол картасын» іске асыруға 5 млрд теңге бөлінді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 5 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«БЖК-2020» бағдарламасына бөлінген қаржы былтырмен салыстырғанда екі есе көп. Кем дегенде 350 бизнес-жоспарды қолдау жоспарланған. Оның 210-ы мақұлданды.

«Өңірлер арасында облыс бағдарламаны жүзеге асыру белсенділігі жағынан екінші позицияда тұр. Жобалардың дені Ақтөбе қаласы, Мұғалжар және Хромтау аудандарында», - деп деді облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Нұрхан Тілеумұратов.

Бағдарлама аясында несие үстемақысын субсидиялау, кепілдіктер, гранттар беру, инфрақұрылымдар жүргізу сынды жұмыстар атқарылуда. Жыл басынан бері 311,7 млн теңгеге 15 кәсіпкерлік нысанына инфрақұрылым жүргізілді. Ауылда бизнестің барлық түріне, Ақтөбе қаласы бойынша өңдеу саласына және экономиканың басым секторларына инфрақұрылым жүргізілуде.

«Батыс-2 шағын ауданында салынып жатқан 600 орындық мектепке, «ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, Байғанин ауданыдағы газ өңдеу зауытына, кемпингтерге, шаруа қожалықтарына, тауарлы сүт фермаларына, жылыжайларға, демалыс орындарына және басқа да бизнес нысандарға коммуникация тартылды. Сондай-ақ осы жылы қаржыландыру 3,5 есе өсіп, 140 млн теңгеге өсті. 2020 жылдан бастап гранттардың ең аз мөлшері 2 млн теңге деп бекітілді. Көбі 5 млн теңгені құрайды. Бұл неғұрлым сапалы жобаларды қолдауға мүмкіндік береді. Бұдан өзге, ережелерге өзгерістер енгізілген: басым бағыттардың жобалары қаралатын болады, яғни, монша, шаштараз, қоғамдық тамақтану мен сауда орындары қабылданбайды», - деді Н.Тілеумұратов.

Әлеуметтік жағынан осал топтарға, І, ІІ топтағы мүгедектерге, ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне, жасына байланысты зейнетке шыққандарға, көпбалалы аналарға, толық емес отбасыларға жеңілдіктер қарастырылған. Олардан өз қаражаттарымен 10% мөлшерінде қосымша қаржыландыру талап етілмейді. 2020 жылдың жеті айы ішінде барлық бағдарламалардың аясында 800-ден астам шағын және орта бизнес жобалары қолдау тапты. Өңдеу саласы (26%), көлік қызметі (26%), сауда саласы (17%), білім (10%), денсаулық сақтау, туризм, ауыл шаруашылығы және т.б жекелеген салалар басым түсті.


Соңғы жаңалықтар