Ақтөбе облысында боранға байланысты құтқару жұмыстары жүргізілуде (ФОТО)

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Бүгін аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалық етуімен облыстық штаб өңірдің төрт ауданындағы жолдарда аса күшті бораннан кейінгі төтенше жағдайды шешу жолдарын қарастырды.
None
None

Қазіргі уақытта негізгі республикалық маңыздағы жолдар ашық, қар құрсауынан 213 адам құтқарылды, тағы 571 адам қауіпсіз жерге апарылды, ал қарға малтыққан 91 техника шығарылды.

Облыс аудандарында қыстағы аяқ астынан туындайтын төтенше оқиғаларға байланысты жылыту қосындары, азық-түлікпен қамтамсыз ету жолға қойылған.

Төтенше жағдай орнына барған облыс әкімі Актөбе-Хромтау күре жолындағы құтқару жұмыстарымен танысты, жол қызметінің техникамен қамтамасыз ету жайын көрді.

Облыс жолдарындағы қазіргі жағдай толық бақылауға алынған. Бұл жұмыстарға қосымша ірі кәсіпорындардың, сондай-ақ Ақтөбеде орналасқан әскери бөлімдер мен Ұлттық гвардия бөлімшелерінің техникалары тартылып отыр, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
null
null

Соңғы жаңалықтар