10:36, 07 Қараша 2013 | GMT +5
Ақтөбе облысында газ иісінен бүтін бір отбасы уланып қалды
АСТАНА. 7 қараша. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының Көсембай ауылында қатты отынмен жылытатын пештен ақау шығып, бүтін бір отбасына иіс тиіп уланып қалды.

Оқиға орнында 23 жастағы әйел мен 8 жасар қыз қаза болды, 45 жастағы ер адам мен әйел, 20 жастағы қыз бен 8 жасар ер бала ауруханаға жатқызылды.
Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.