Ақтөбе облысында индустрияландыру бағдарламасының екі кәсіпорны тоқтап тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында Индустриялық-инновацилық даму мемлекеттік бағдарламасының аясында ашылған екі кәсіпорын тоқтап тұр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мәлім етті.
None
None

«Біз бұл бағытта жұмыс істеудеміз. Бір жобаны жыл соңына дейін пайдалануға береміз. Ал екінші жобаға қатысты сауықтыру тетігі іске асырылады», - деді өңір басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, ИИД МБ аясында облыста 800 млрд. теңге сомаға 91 жоба жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі кезде 600 млрд. теңге көлеміндегі 71 жоба пайдалануға берілді. Тоғыз жоба 30-70 пайызға жұмыс істеуде және әкімдік осылардың әрқайсысымен тиісті шараларды атқаруда.

«Осы жылы біз 9,8 млрд. теңге сомасындағы сегіз жобаны іске қосуға тиіспіз. Бүгінде үш жоба пайдалануға берілді. Қалған бесеуі жыл соңына дейін іске қосылады», - деді Б. Сапарбаев.

Соңғы жаңалықтар