Ақтөбе облысында ішінде гастарбайтерлер отырған автобус ұсталды

АҚТӨБЕ. 3 қазан. ҚаздАқпарат - Бүгін Ақтөбе қаласына кіреберістегі «Самара-Шымкент» бағытындағы көлік жолында «Мигрант» жедел-алдын алу шарасы барысында гастарбайтерлерге лық толы автобус тоқтатылды,
None
None

деп хабарлайды ІІД-нің баспасөз қызметінен. 

53 жастағы жүргізуші басқарып келе жатқан шымкенттік нөмірлері бар «Мерседес Бенц» маркалы автобустың ішінде тиісті 52 жолаушының орнында 56 адам келе жатқан. Олардың барлығы Өзбекстан тұрғындары. 

Автобус және оның жолаушылары ҚР-да болу заңдылығын анықтау үшін көші-қон полициясына жеткізілді. 

Жүргізушінің айтуынша, олар РФ-ның Астрахан облысынан Өзбекстан Республикасының Нүкіс қаласына жол жүріп келе жатты.

Автобус жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 463 бабының 1 бөлімі («Шамадан тыс адам алу») бойынша әкімшілік материал құрылды. Айыппұл сомасы 5 АЕК-ті құрайды.

Бұдан басқа, 1-7 қазан аралығында облыста «Заңсыз келуші-2012» жедел-алдын алу  шарасы өтуде. Оны өткізудің екі күні ішінде Ақтөбе облыстық ІІД-нің қызметкерлері ҚР-да болу ережелерін бұзғаны үшін 175 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты, олардың ішінде 13 азамат - алыс шетелдің тұрғындары.

Сот шешімімен таяу шетелден келген 4 азамат ҚР-дан шығарылды, 29 шетелдік азаматтың Қазақстан Республикасында болу мерзімдері қысқартылды.

Соңғы жаңалықтар