20:35, 09 Ақпан 2011 | GMT +5
Ақтөбе облысында қар құрсауынан 19 көлік құтқарылды
АҚТӨБЕ. 9 ақпан. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе облысында 6-8 ақпанда орын алған қар аралас қатты боран жолдарда біраз проблема туындатты.
Үш тәулік ішінде қар құрсауынан 19 көлік құтқарылды, оның ішінде қарда екі тәулікке тұрып қалған 6 мұнай тасымалдайтын КамАЗ көлігі де бар.
«"түрде азаматтық қорғаныстың барлық қызметтері күшейтілген мерзімдегі жұмысқа көшірілді", - дейді ТЖД баспасөз қызметінің бас маманы Әсия Испулатова. - 8 ақпанда бізге республикалық дағдарыс орталығынан Кеңқияқ ауылынан 25 шақырым жерде 6 КамАЗ-дың қар құрсауында тұрғаны туралы хабар түсті».
Жедел түрде Кеңқияқ ауылының әкіміне хабар жіберілді. Ол Темір аудандық ТЖ жөніндегі бөлімнің бас маманымен бірге оқиға орнына 2 «Урал» автокөлігі жіберілді. Олар барлық алты көлікті қардан алып шығып, Кеңқияқ ауылына жеткізді.