Ақтөбе облысында қардың астынан автоматты газ тарату стансысы операторының үсіп қалған денесі табылды

ТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы, Құмжарған кентінде автоматты газ тарату стансысының дұрыс жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізуге шыққан «Стройтехсервис LTD» ЖШС-ның операторы қайта оралмады, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
None
None

28 жастағы жұмысшының үсіп қалған денесін жергілікті тұрғындар бес жарым сағаттан кейін тұрғын кентінен 8-10 шақырым жерде қардың астынан тапты.

Қайғылы оқиға жұма, 25 қараша күні болды.

Соңғы жаңалықтар