Ақтөбе облысында кәсіпкерлер құқығын қорғау штабы ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында кәсіпкерлер құқықтарының бұзылуын, кездесетін әкімшілік кедергілерді жою мақсатында прокуратурамен екі жылдан бері «Кедергісіз кәсіпкерлік» өңірлік бағдарламасын жүзеге асыру қолға алынған. Енді осындай түйткілдерге жүйелік шешім табу үшін облыс прокуратурасы Кәсіпкерлерге құқықтық көмек көрсету жөніндегі штаб ашуды жоспарлап отыр.
None
None

Штаб аймақтағы кәсіпкерлікті дамыту үшін құқықтық климатты жақсарту мақсатында құрылады. Штабтың негізгі қызметі кәсіпкерлер құқығының сақталуын қамтамасыз ету, оларға жедел құқықтық көмек көрсету, заңның бұзылуын ерте сатысында анықтау және жою, осы саладағы жүйелік түйткілдер мен әкімшілік кедергілерді белгілеу және оларды шешу бойынша кешенді шаралар қолдану болып табылады. Штат қызметі өңірлік кәсіпкерлер палатасымен және басқа да бизнес-қауымдастықтармен тығыз әрекеттестікте жүзеге асырылады. Мұнда кәсіпкерлерге арналған сенім телефоны қызмет етіп, кәсіпкерлерді өтініштері бойынша, сонымен қатар онлайн тәртібінде қабылдау жүргізілмек. «Аудандар кәсіпкерлері облыс прокуратурасынан құқықтық көмек алу үшін облыс орталығына барып жатпай, Кәсіпкерлер палатасының филиалына жүгініп, филиалмен байланыс орнататын болады. Сонымен қатар штаб жанында кәсіпкерлер құқықтарын бұзуға жедел жауап қататын мобильдік топ тұрақты жұмыс жасайтын болады», - деп хабарлады прокуратурадағылар. Штаб жұмысы тиімді болу үшін прокуратура мемлекеттік бақылау-қадағалау органдарымен өзара әрекеттестік туралы меморандумдарға қол қойды, деп хабарлайды Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар