Ақтөбе облысында қатты жел тұрып, боран соғады деп күтілуде

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Аймақтағы ауа райы түстен бастап қолайсыз бола бастады: жел күшейіп, қар төпелеп жаууда.

«Қазгидромет» РМК-ның Ақтөбе облысы филиалындағы ауа райын болжау бөлімінің бастығы Айгүл Сайымова кешке секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғып, көп қар жауатынын және ауа температурасының 0 - 5 градусқа дейін төмендейтінін хабарлады. Демек, өңірде боран соғып, көлік жолдарын күртік қар басуы және қала сыртындағы көлік жолдарының жабылуы орын алуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар
telegram