Ақтөбе облысында Кеңсахара ауылы газбен жабдықталды

АҚТӨБЕ. 6 қараша. ҚазАқпарат - Облыстың елді мекендерін өңірде өндірілген арзан газбен қамтамасыз ету жалғастырылуда.
None
None

Бүгін Мәртөк ауданының Кеңсахара ауылында салтанатты түрде ауыл ішіне газ тарататын желінің ашылуы өтті. Шараға облыс әкімінің орынбасары Нұрмұхамбет Әбдібеков қатысты.

Осылайша, бұрын үйлерін көмір, ағашпен жылытатын тұрғындар енді арзан газға қол жеткізді. Елді мекендерді газбен жабдықтау ауылдағы шағын және орта бизнестің дамуына себін тигізетіні тәжірибеден белгілі.

Жылына 1,5 млн. текше газ тасымалдай алатын газ өткізгіш құбырдың құрылысы биылғы жылы басталды. Оның ұзындығы - 6 шақырым. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына жұмсалған қаржы 36,3 млн. теңгені құрады.

Жоба бойынша 110 тұрғын үй мен әлеуметтік нысанға «көгілдір отын» тарту көзделіп отыр. Оның ішінде бүгінгі таңда 74 үйге газ тартылған.

Соңғы жаңалықтар