20:10, 20 Мамыр 2015 | GMT +5
Ақтөбе облысында киіктердің жаппай қырылуы фактісі тіркелді
АҚТӨБЕ. ҚазАқапарат - Облыстық ішкі істер департаментін Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватының Сұңқария учаскесінде 18 мамыр күні резерват инспекторының 68 киіктің денесін тапқаны туралы хабарлады.

Аймақта жануарлардың жаппай қырылуының себептерін анықтау бойынша арнайы комиссия құрылып, аумақты зерттеу жүргізіліп жатыр. Оқиға орнына сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және жануарлар әлемі комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының өкілдері шықты.
Облыстық ТЖ департаментінен бұл ақпаратты растап, Ырғыз ауданының аудан орталығы Ырғыздан 150 шақырым жерде орналасқан Тауып ауылдық округіне ТЖ бөлімінің бастығы, «Ырғыз-Тоғай» мемлекеттік табиғи резерваты РМБ-ның жедел тобы және Ырғыз АІІБ-нің учаскелік полиция қызметкері шыққанын хабарлады. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Қырылған жануарлардың саны анықталу үстінде.