Ақтөбе облысында «Көктем-2010» республикалық командалық-штабтық жаттығуы басталды
Атап айтқанда, бүгін таңертең облыстық мемлекеттік автоинспекциясының алдында жедел әрекет етуші облыстық және қалалық отрядтардың саппен жүру байқауы өтті.
Төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық департаменттің баспасөз қызметінен хабарлағандай, наурыздың 4-іне дейін созылатын жаттығуға Төтенше жағдайлар министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша барлық құрылымдық бөлімдері, жедел әрекет етуші және алғашқы медициналық көмек көрсету қызметтері, коммуналдық қызметтер қатысады.
Жаттығудың мақсаты - жасақтардың көктемгі су тасқынына, өрт қаупі маусымына, табиғи және техногендік мазмұндағы басқа да төтенше оқиғаларға әзірліктерін тексеру болып табылады.