Ақтөбе облысында қола дәуірінің қорымы табылды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбенің Ырғыз ауданы, Шеңбертал ауылы маңындағы қорымнан қола дәуірінде жерленген адамдардың сүйегі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Шеңберталдағы қорымды алдымен ауыл адамдары тауып алып, хабар берген. Археологтар қола дәуірінің қорымын тауып, жедел хабар берген С.Молдабеков, Е.Көшпамбетов және С.Қоблашевқа алғысын білдірді.
«Қазан айының 2-4 аралығында Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің археологиялық тобы Шеңбіртал-I қорымында зерттеу жұмыстары жүргізілген болатын. Ескерткіш Ырғыз ауданы, Шеңбіртал ауылынан солтүстікке қарай 300 метр жердегі өзеннің сол жақ бөлігінде орналасқан. Тас дәуірінің ескерткіші бар екенін өткен ғасырдың екінші жартысында археолог А.А.Формозов ашқан еді. Қабірдің беткі жағы шеңбер, сопақша және пішіні әртүрлі тасты дуалдардан салынған. Дуалдар көбінесе жерге тігінен көмілген тастармен және бір-бірімен байланысы жоқ құмтастармен қоршалған», - деп хабарлады Ақтөбе облыстық тарихи-

Айта кетейік, археологиялық зертттеу кезінде екі адамның қабірі қазылды. Адам оң жаққа қарай жантайып жатқан және қолымен бетін басқан кейіпте жергенген.


