13:41, 08 Қараша 2013 | GMT +5
Ақтөбе облысында қуаты 96 мегаваттық жел электр стансасы салынып жатыр
АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында қуаты 96 мегаваттық жел электр стансасының құрылысы жүріп жатыр.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында аталған өңірдің әкімі Архимед Мұхамбетов мәлім етті.
Әкімнің сөзіне қарағанда, «жасыл» экономиканы дамыту бойынша Елбасының тапсырмасы аясында жел электр стансасының құрылысы бойынша жобаны жүзеге асыру басталды. Оның қуаттылығы 96 мегаватты құрамақ, ал жобаның құны 200 миллион АҚШ долларына бағаланып отыр.