Ақтөбе облысында мемлекеттік сатып алу бойынша бесекеге шек қойған аудандық бөлімге қатысты тергеу жүргізілуде

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «Мұғалжар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ қатысты тергеу басталды. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

ҚР ҰЭМ ТМР және БҚК Ақтөбе облысы бойынша департаменті Мұғалжар аудандық прокуратурасының ұсынысы негізінде аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөліміне қатысты монополияға қарсы заңнаманың бұзылуы бойынша тергеуді бастады.

«Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметтік иесінің әрекетінде монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілер, атап айтқанда мемлекеттiк органдардың, жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестiкке қарсы әрекеттерi, келiсiмдерi белгіленді, ол нарық субъектісімен автомобиль жолдарын күтіп ұстау бойынша келісімдер жасап бәсекеге рұқсат етпеуде, шек қоюда әлде болдырмауда белгіленген, өйткені ықтимал өнім берушілерде мемлекеттік көтерме сатып алуда қатысуға мүмкіндіктері жоқ», делінген хабарламада.  

Соңғы жаңалықтар