Ақтөбе облысында мұнай таситын көлік иелеріне жұмыс қарастырылып жатыр

Естеріңізге салсақ, 2016 жылдың соңына қарай ҰҚК, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және ішкі істер органдары бірлесіп өткізген операция нәтижесінде өңірдегі кен орындарындағы мұнайды заңсыз ұрлаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілген болатын. Белгілісі, мұнайды заңсыз тасымалдауға Байғанин ауданының тұрғындары үшін жалғыз табыс көзі болып саналатын мұнай тасығыш көліктері пайдаланылған. Осыған байланысты, Бердібек Сапарбаев мұнай таситын көлік иелерін жұмыспен қамту үшін жаңа жұмыс орындарын ашып, оларды соған орналастыруды тапсырды.
Арнайы операция барысында ұрланған мұнайды сатып алушылар мен ірі ұйымдастырушылар, көлік жүргізушілері ұсталды. Қазіргі таңда арнайы операцияға байланысты қызметін уақытша тоқтатқан кәсіпорын өз жұмыстарын қайта қалпына келтірді.
Зада Зейін