Ақтөбе облысында ондаған автокөлік қар құрсауында қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында қатты боранның зардаптарымен күрес жүргізіліп жатыр. Ауа райының қолайсыздығына байланысты жол бойында ондаған машина қар құрсауында қалған.
None
None

Қарғалы ауданының «Ақтөбе-Орск» жолының бойында Алимбетовка ауылының маңында ауыр жүк таситын 32 автокөлік қарға малтығып жолда тұр. Мереке күні, 22 наурызда облыстық ТЖД жүргізушілерге азық-түлік жеткізді. www.diapazon.kz сайтының жазуынша, жүк көліктерімен бірге қар тазалайтын техника да жолда қалған. БАҚ мәліметтері бойынша, жүргізушілер жүк толтырылған көлікті қараусыз қалдырудан сақтанады.

Хромтау ауданында Просторный кенті маңында «Самара-Шымкент» жолында қар құрсауында қалған ауыр жүк артылған 6 автокөлік шығарылды.

ТЖМ мәліметтеріне қарағанда, автожолдарды тазартып, кеңейту жұмыстары өңірде және облыс орталығының өзінде де жүргізіліп жатыр. Ақтөбеде жүздеген автокөлік жолда қалды. Кеше жол бойында кептелген колоннадан 690 автокөлік өткізілді, оның ішінде 435 жеңіл, 250 жүк көлігі және 5 автобус бар. 1320 адам қауіпсіз жерге шығарылды.

Соңғы жаңалықтар