14:54, 03 Шілде 2012 | GMT +5
Ақтөбе облысында «Шалқар-Бейнеу» теміржол учаскесінің құрылысы басталды
АҚТӨБЕ. 3 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан телекөпір барысында «Жезқазған-Бейнеу» теміржол жүйесінің құрылысы басталды.

Құрылыс болашақ теміржолдың 6 учаскесінде, оның ішінде Ақтөбе облысының Шалқар ауданында басталды.
Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, теміржол жүйесі Қарағандының Ұлытау ауданы, Қызылорданың Арал ауданы, Ақтөбенің Шалқар және Байғанин аудандары мен Маңғыстаудың Бейнеу аудандары арқылы өтеді.
Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне сәйкес «Жезқазған-Сексеуіл» және «Шалқар-Бейнеу» учаскелерінің құрылысы ең оңтайлы нұсқа болып табылады.
«Шалкар-Бейнеу» учаске құрылысының құны - 260 млрд. теңге. Аталмыш учаскенің ұзындығы 471 шақырым.