12:58, 24 Маусым 2010 | GMT +5
Ақтөбе облысында шошқа етін өндіретін мал өсіру кешені іске қосылады
АҚТӨБЕ. Маусымның 24-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Кеше Қазақстанның үдемелі ндустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында Ақтөбе облысы Алға ауданы Бестамақ ауылында шошқа етін өндіретін «Парижская коммуна ХХI» ЖШС мал шаруашылығы кешені іске қосылды,

деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз орталығы.
Мал шаруашылығы кешенінің ашылуына арналған шараға облыс әкімінің орынбасары Ізбақ Өмірзақов, аудандық әкімдіктің, облыстық басқармалардың өкілдері қатысты.
Құны 01,5 млрд. теңге болатын жобаны «Қазагроқаржы» АҚ, «НҰҚ «Қазагро» АҚ және 708 млн. теңге көлемінде өз қаражатын бөліп, «Парижская коммуна ХХI» ЖШС қаржыландырды.