Ақтөбе облысында студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жасақтарындағы жастардың саны арта түсуде
«Былтырғы жылы студенттік құрылыс жасақтары мен «Жасыл ел» қатарына бар болғаны 5 000 студент жазылған еді. Биылғы жылы жастар үлкен белсенділік танытып отыр. Студенттік құрылысшылар қатарына 2010 жылдың ақпанынан бастап-ақ жазыла бастаған», - дейді ішкі саясат басқармасы жастар саясаты бөлімінің бастығы Алтынай Юнисова.
Мамырдың 4-і күні 1 655 адамнан құрылған алғашқы ақтөбелік студенттердің легі жұмысқа кірісті. СҚЖ мен «Жасыл ел» бағдарламасы аясында барлығы төрт бөлім ұйымдастырылады. СҚЖ ережесі бойынша студенттер құрылыс секторларына, ал «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша қалалық және ормандық аймақтарды көгалдандыру жұмысына жіберіледі, шілде мен тамыз айларында облыс аудандарында жұмыс істейді.
Тамыздың 28-іне қарай науқанның қорытындыларын шығарып, дәстүр бойынша студенттер қозғалысында белсенділік танытқан жастарды бағалы сыйлықтармен марапаттау жоспарланып отыр.