Ақтөбе облысында тек бір аптаның ішінде ғана жол жүру ережесі 2 мың рет бұзылған

АҚТӨБЕ. 9 сәуір. ҚазАқпарат - 2-9 сәуір аралығында Ақтөбе облысының ІІД ЖПБ 2005 жол жүру ережесінің бұзылғандығын анықтады, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.
None
None

Атап айтқанда, мас күйінде көлік жүргізген 35 жүргізуші, жылдамдықты арттырған 206 адам, қарсы бағытқа шығу бойынша - 26, қауіпсіздік белдігін тақпаған 273 және көлікті жүргізу барысында ұялы телефонмен сөйлескен 147 адам ұсталды.

 Оған қоса, апта сайынғы «Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздік күні» акциясы аясында жол жүру ережесінің 436 бұзушылығы анықталды, оның 119-ы жаяу жүргіншілердің еншісінде.

Облыста бір аптаның ішінде 12 адам жарақат алып, 2 адам көз жұмған 9 жол-көлік апаты тіркелді. Жол полиция қызметкерлерімен 2 қылмыстың беті ашылды.

Соңғы жаңалықтар