Ақтөбе облысында ҰОС ардагерлерінің өмір сүру жағдайы тексеріліп, тиісті көмек көрсетілуде

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына дайындалу жоспарына сәйкес Мұғалжар ауданында соғыс ардагерлерінің өмір сүру жағдайы тексеріле бастады.
None
None

Жақын арада арнайы комиссия Сағашілі ауылында болып, ҰОС қатысушылар Шамұрат Нұрбаев пен Елена Козинамен жолықты.

Комиссия екі ардагер де әлеуметтік қамсыздандырылған және тұрмыс жағдайлары жақсы екенін атап өтті. Мемлекет және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ жастар тарапынан оларға қолдау көрсетілуде.

«Біздің қамқорлығымыз келе жатқан Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен байланысты емес. Біз оларға әрдайым жәрдемдесіп отырамыз, - деді Мұғалжар аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлназ Төлебаева.- Мәселен, бізде бұрыннан жастардың мобильді «Асар» командасы қызмет етуде. Олар ардагерлерге шаруашылықта: шөпті түсіріп-жаю, қар тазалау, ауланы жинау және үйдегі жұмыстарды жасауға көмектеседі».

Бүгінде ауданда барлығы 9 соғыс ардагері тұрады. Олардың барлығына көңіл бөлінуде.

Соңғы жаңалықтар