Ақтөбе облысында заңсыз мұнай тасымалдаған азамат ұсталды
«Ақтөбе-Астрахань» тас жолының бойымен бара жатқан мемлекетік тіркелу нөмірі жоқ «КамАЗ» автоцистернасы тәртіп сақшыларының күдігін тудырған.
Тексеру барысында жүргізушінің мұнай тасымалдау үшін сәйкес құжаттарының жоқтығы анықталған. Сонымен бірге, алдын ала тергеу барысында күдікті қылмыстың ізіне түсу органдарынан ізін жасырған. Содан кейін оны қамауға алу туралы шара қолға алынды.
Алайда көп ұзамай жедел әрекет еткен құқық қорғау органдарының қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау оқшулағышына қамалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 183-1 бабы - «Мұнай және мұнай өнімдерін олардың заңдылығын растайтын құжаттарсыз тасымалдау, сатып алу, өткізу, сақтау» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Заңсыз мұнай тасымалдағаны үшін күдікті екі жылдан үш жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленуі мүмкін.