17:06, 31 Қазан 2022 | GMT +5
Ақтөбе облысында жол апатынан үш адам мерт болды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында жол апатынан екі жүргізуші мен жолаушы көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.

30 қазан сағат 19:45 кезінде Қобда – Жиренқопа автожолының 324-шақырымында ВАЗ-2110 автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі жолдың қарсы жолағына шығып, Қобда ауданының 38 жастағы тұрғыны тізгіндеген Lada Vesta автокөлігімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасынан екі жүргізуші және Lada Vesta автокөлігінің жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полиция департаменті жол қозғалысы қатысушыларына жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады.
Фото: polisia.kz