Ақтөбе облысында жолға жауапты басқарма басшысы тағайындалды
Айбек Қайыр Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы», Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану бакалавры» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы Қобда ауданының тұрғын үй -коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде бастаған. Әр түрлі жылдары Қобда ауданы әкімі аппаратында жұмыс істеді. Қобда аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болды. Қарғалы ауданы әкімінің орынбасары, Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі басшысының орынбасары, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды.
Осы лауазымға тағайындалар алдында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.