Ақтөбе облысында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында Volvo жүк көлігі мен ВАЗ 2110 автокөлігі соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
None
None

Сайттағы деректерге қарағанда, оқиға 23 тамыз күні сағат 08:45 шамасында Самара-Шымкент автожолында, Алға ауданының Сарытоғай ауылына жақын жерде болған.

Оқиғаның салдарынан 44 жастағы жеңіл автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды.

ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Соңғы жаңалықтар