Ақтөбе облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша ауылдық 382 кәсіпкер несие алды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - 2014 жылы Ақтөбе облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша ауылдық жерлерде бизнесті дамыту бағытында 382 кәсіпкер несие алды.
None
None

Бұл туралы «Ауылдағы бизнесті қолдау қоры» АҚ филиалының директоры Гүлжанат Ерғазина хабарлады.

Қор түрлі бағдарламалар бойынша 1,8 млрд. теңгеге барлығы 752 жоба қаржыландырылды, мыңға жуық адам жұмыспен қамтамасыз етілді.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша биылғы жылы біз 382 жоба бойынша несиелер бердік. 509,5 млн. теңгені уақытынан бұрын игеріп, осыған дейін бөлінген несиелерді мерзімінен бұрын қайтару есебінен қосымша 144,7 млн. теңге бөлдік, - дейді Г.Ерғазина.

Ауыл кәсіпкерлері несиелерді негізінен қоғамдық монша, наубайхана, тігін ательесін ашуға алып отыр. Сонымен бірге олар оны белсенді түрде қайтаруда.

-Екінші деңгейлі банктер олардың кепілдігінің төменгі өтемпаздығына байланысты ауыл тұрғындарын несиелендіруден қорқады. Біздің бағдарламада несиені төлеудің мерзімінен кешігуі небәрі 0,2 пайызды құрайды, - деп атап өтті Г. Ерғазина.

Соңғы жаңалықтар