Ақтөбе облысында «Жыл адамы - 2014» атағын 10 адам иеленді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Бүгін Тәуелсіздік күніне орай Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов аймақтың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына үлес қосқан жергілікті тұрғындарға мемлекеттік наградалар табыстады.
None
None

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен орден-медальдар алған азаматтардың арасында кәсіпорын, ауылшаруашылығы, әлеуметтік сала мен қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері бар.

Марапаттау рәсімі кезінде облыс әкімі аймақтың ел экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосып жатқанын, мемлекеттік бағдарламалар біртіндеп жүзеге асырылып, әлеуметтік мәселелер оң шешімін тауып жатқанын айтып өтті.

Сондай-ақ 2014 жылдың қорытындысы бойынша, аймаөтың мәдениеті мен өнерінің дамуына үлес қосқан 20 азаматқа әкімнің сыйақысы тағайындалды. Мемлекеттік тілді дамытуға үлес қоқаны үшін 10 ақтөбелікке сыйақы берілсе, екі адамға жеңіл көлік табысталды, ал балалар үйінің тәрбиеленушісі қала орталығындағы пәтерге ие болды.

Сонымен қатар дәстүр бойынша Тәуелсіздік күні «Ақтөбе облысының жыл адамы -2014» атағына 10 адам лайық деп танылып, ақшалай сыйақы алды. Ал «Ақтөбе облысының Құрметті азаматы» атағы жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Владимир Авраменко мен Ұлы Отан соғысының ардагері Мұса Алданиязовқа берілді.

Соңғы жаңалықтар